Адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 65 жыл толуына орай, 11 сәуір күні Қарағанды қаласында Қазақстандық ғарышкер Айдын Ақанұлы Айымбетовтің қатысуымен Ғарышкерлер күніне арналған ресми іс-шаралар өтеді.
Іс-шара аясында «Ғарыш бағындырушылары» ескерткішіне гүл қою рәсімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Космонавт» қонақ үй кешеніндегі ғарышкерлер аллеясында ағаш отырғызу жоспарланған.
Айдын Ақанұлы Айымбетов — қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің генерал-майоры. 2015 жылғы 2–12 қыркүйек аралығында «Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесінің бортинженері-2 ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.
Айдын Ақанұлы Айымбетов Қарағанды қаласына арнайы келіп, әріптестеріне құрмет көрсетеді. Оның қатысуы қала тұрғындары арасында ғарыш саласының жетістіктерін насихаттауға және қоғамның ғарышты игеруге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.