Құрметті қонақтар!
«Cosmonaut» қонақүй кешенінде жоспарлы қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Негізгі аймақтар кезең-кезеңімен жаңартылып, осы күзде кешен мүлде жаңа кейіпте сіздердің алдарыңызға шығатын болады.
Сіздердің сапарларыңыз бен іс-шараларыңыздың еш қиындықсыз өтуі үшін біз бар күшімізді саламыз. Қажет болған жағдайда әкімшілік әрдайым сіздің мүддеңіз бен жайлылығыңызды ескеретін шешімдер ұсынуға дайын.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін күндері аумақта құрылыс техникалары болуы мүмкін. Дегенмен, біз процесті алдын ала жоспарлап, олардың демалысыңыз бен іс-шараларыңызға кедергі келтірмеуін қамтамасыз етеміз. Егер сіздің іс-шараңыз жоспарланған болса, әкімшілікпен алдын ала хабарласуыңызды ұсынамыз — біз барлық егжей-тегжейіне мән береміз.
Осы «Cosmonaut» үшін маңызды кезеңде бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз. Жақын арада сіздер кешенімізді жаңарған, әрі біз сенімдіміз — бұрынғыдан да қонақжай кейіпте көресіздер.