Құрметті «Cosmonaut» қонақ үйінің қонақтары!
Назарларыңызға: «Жұлдыз» мейрамханасы қайта жаңарту жұмыстарына байланысты уақытша жабылды.
Біз мейрамхананың тұжырымдамасын толықтай жаңартып, оны бұрынғыдан да стильді, заманауи әрі жайлы ету үстіндеміз. Сіздерді жаңа интерьер, ерекше атмосфера және қонақжайлықтың тың қырлары күтеді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз. Жаңартылған «Жұлдыз» мейрамханасы 2025 жылғы күзде ашылады!
Мейрамхана жаңалықтарын әлеуметтік желілерімізден бақылап отырыңыздар.
Дәм мен жайлылықтың жаңа кеңістігінде сіздерді асыға күтеміз!